Саябақтар залалсыздандырылды

Рейтинг
07.07.2020, 10:00
Саябақтар залалсыздандырылды

Шымкент қалалық Әл-Фараби ауданы аумағында жалпы 672 көпқабатты тұрғын үй, 2244 кіреберіс алаңдары және 400 ойын алаңдарын 14 сервистік кызмет көрсетуші мекемелер тарапынан, ал қатты тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 192 қоқыс алаңшасына қызмет көрсетуші «ОрионНовТех» ЖШС-і және «ЭкоСпецТранс» ЖШС-і мекемелері тарапынан залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын жеткізді.

Сондай ақ, қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасы тарапынан қаланың 125 көшелерін ұзындығы 280 шақырымында залалсыздандыру жұмыстарын атқаруға 20 дана техника 20 адам және 213 аялдамалар мен урналарды залалсыздандыруға 12 техника 35 адам жұмылдырылып, залалсыздандыру жұмыстары атқарылуда.

Аудан аумағында 13 саябақ, 18 гүлзар, 17 ескерткіш және 11 субұрқақтар «№35/748 әскери бөлімнің» әскери қызметшілерімен залалсыздандырылғанын мәлімдеді.

Сұхбат

PhotoRoom