Қоғамдық қабылдау

Саясат
13.06.2022, 23:07
Қоғамдық қабылдау

Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Дария Қожамжарованың қоғамдық қабыдауына келгендердің қарасы қалың. Арызыны айтып, бұйымтайын жеткізгісі келгендердің дені әлеуметі әлжуаз топтың өкілдері.

 «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері мұндай іс-шараларды тұрақты түрде өткізудің нәтижесінде халықтың тұрмыс сапасы да артып келеді. Қабылдауға келген 17 тұрғынның мәселесі де жіті назарға алынды. Тіпті, Людмила есімді тұрғынның  көтерген мәселесі бойынша депутаттық сауал жолданатын болды.

Жалпы  халық үніне құлақ асатын үкімет тұжырымдамасы тұрғындарға шарапатын тигізуде. Шалғайдағы елдімекендерді дамыту бағытында 81 елдімекннің 78-і сапалы ауыз сумен қамтылды. 3 елдімекен Құрсай, Сайрам, Қайнарбұлақ елдімекенінің азаматтары  кестемен су ішіп отыр. 2022 жылы 8 елдімекендегі  4 нысанның құрылыс жұмыстары жүрмек. Жыл қорытындысымен 2 нысанның құрылысы аяқталып, 11 мыңнан астам тұрғын ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде сапалы ауыз сумен қамту көрсеткіші -  98 пайыздан 99 пайызға жетті.

 

Сұхбат

PhotoRoom