Осыдан 10 жыл бұрын бастауын алған игілікті-іс шараның мақсаты шахар тұрғындарының көшелері мен аулаларын және жалпы қала аумағын таза ұстауға біріктіру дейді ұйымдастырушылар. Биылғы конкурсқа өтінім берушілердің қатары көп көрінеді. Олар «Үздік аула», «Үздік көше», «Үздік үй», «Үздік тұрғын үй алабы», «Үздік аула сыпырушы» атты 5 номинация бойынша сайысқа түседі.
Байқау қатысушыларына қазылық жасайтын комиссия мүшелері қыркүйек айына дейін бекітіледі. Олардың құрамында 7 адам болса оның 3-і БАҚ саласының қызметкерлері 3-і үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері және 1-і тапсырыс беруші мекеменің өкілі болмақ.Ұйымдастырушылардың айтуынша жыл сайын жобаға бөлінетін қаражат мөлшері азайып барады.Мәселен Былтырғы жылмен салыстырғанда тапсырыс соммасы 17 пайызға азайған.Сондай-ақ биылғы конкурстың ерекшелігі жеңімпаздарға ақшалай емес бағалы сыйлықтар үлестірілмек.
Қазан айына дейін жалғасатын бұл байқаудың мәні зор болмақ. Себебі өз аулаң мен көшеңді хәм қалаңды мұнтаздай таза ұстау – бұл рухнаи байлықтың бір бөлігі. Айта кету керек, конкурсқа қатысу үшін әр ауданда құрылған жұмысшы топқа тұрғындар өтінім тастай алады.Азаматтық альянстың бастамасымен қолға алынған іс-шара қаланың жыл сайынғы дәстүрлі байқауына айналып үлгерді. Бір ерекшелігі мұндай акция республиканың өзге өңірлерінің ешбірінде жоқ.