Қала әкімінің аралауы

Жаңалықтар
23.06.2022, 23:30
Қала әкімінің аралауы

ГҮЛІСТАН КӨШЕСІНДЕГІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Әкім Әйтенов әуелі Қаратау ауданындағы Гулистан  көшесіне барды. Мұнда  жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.  Гулистан көшесінің  2-кезеңі атауы жоқ көшенің соңына дейінгі аралықты қамтиды. Автомобиль жолының жалпы ұзындығы 2,7 шақырым, ал ені 5 метр. Бүгінде орташа жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған. Ал, 2 кезеңіндегі жалғасы КХ-41 автомобиль жолының атауы жоқ көшеге дейінгі аумақты алып жатыр. Ұзындығы 2,1  шақырым болатын көшенің орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. 3-кезеңге сәйкес жұмыстар КХ-41 автомобиль жолынан атауы жоқ көшеге дейінгі аралықта жүргізілуде. Көшенің ұзындығы – 2 шақырым, ені-5м. Қазіргі таңда асфальтбетон жамылғысының 1 қабаты төселіп, жұмыстың 80% аяқталды. Екінші қабатын төсеу жұмыстары маусым айының соңына жоспарланған.

145 КӨШЕДЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ

Мұрат Әйтенов орташа жөндеу жұмыстары аяқталған бірнеше көшені аралады. Соның бірі - Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабындағы Сыдықхан ата көшесі. Көшенің ұзындығы - 2,7 шақырым, ал ені - 5 метр.  Бүгінде құрылыс жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілген. Жалпы биыл Шымкентте 308 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның 145-нде жұмыстар толығымен аяқталып, пайдалануға берілді. Қалған 163 көшенің жұмыстары күзге дейін аяқталады деп күтілуде.

ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Бұл - Әл-Фараби ауданы А.Байтұрсынов көшесі 4 мекенжайындағы жаңадан абаттандырылған көпқабатты тұрғын үй ауласы. Қала әкімі ауланы аралап, атқарылған жұмыстармен танысып шықты.Мұнда соңғы рет 2014-2015 жылдары абаттандыру жұмыстары жүргізілген. Тұрғындардың ыңғайы үшін әр көп қабатты тұрғын үй ауласына орындықтар, қоқыс жәшіктері, күркелер, тренажерлық кешендер, заманауи үлгідегі балалар ойын алаңшалары мен ойын элементтері қойылды.

№11 МЕКТЕП КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Оқу жылы аяқталып, мектептердің ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. №11 мектеп күрделі жөндеуден өтуде

Қаладағы Білім мекемесі 1991 жылы пайдалануға берілген. Мектептің су құбырлары, жылыту және электр жүйелерін жаңарту уақыты келген. Жауынды күндері ескірген шатырдан су өте бастаған. Іргетасының қаланғанына 30 жылдан астам уақыт болған мектеп жөндеуден кейін жаңа кейіпке енбек. Екі қабатты ғимараттың есік, терезе және едендері жаңасына ауыстырылып, жылу жүйелері қайта қалпына келтірілуде. Желдету, су құбырлары, кәріз, электр жабдықтары, өрт дабылын орнату жұмысы атқарылады. Жұмыстар осы жылдың сәуірінде басталған болса, қазір 45 пайызы орындалған. Жаңа оқу жылына дейін пайдалануға беру жоспарланған.

№3 БАЛАЛАР ҮЙІ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

Күрделі жөндеуден өтетін білім ұйымының бірі - №3 балалар үйі. Аталған балалар үйі 1937 жылы ашылған. Бүгінде мекемеге тиесілі 9 ғимараттың 6-ы сараптама қорытындысына сәйкес жарамсыз деп танылған. Қала әкімі білім нысандарын аралау барысында №3 балалар үйін күрделі жөндеу жұмыс барысын тексерді. Екі қабатты ғимараттың едендері мен есік-терезелері ауысып, шатыры жөнделеді. Тозығы жеткен электр жүйесі, су құбыры мен кәріз және жылыту жүйелері жаңарады.Балалар үйіндегі негізгі ғимарат 1964 жылы пайдалануға берілген. Сыйымдылығы 50 орынға лайықталған. Қазір мұнда 47 бала тәрбиеленуде. Осы жылдың сәуір айында жөндеу жұмысы басталғаннан балалар №4 балалар үйіне орналастырылған.

Сұхбат

PhotoRoom