«Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күні»

Жаңалықтар
27.06.2022, 23:37
«Халықаралық нашақорлыққа және есірткі саудасына қарсы күрес күні»

Аталған іс-шара басталған уақыттан бері осы күнге дейін құзырлы мемлекеттік органдармен қаламызда нашақорлықтың, есірткі пайдаланудың алдын алу мақсатында түрлі профилактикалық шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Сонымен қатар есірткіні пайдаланудың зиянды жақтары мен оның заңсыз айналымына қатысты құқық бұзушылық түрлері бойынша белгіленген жауаптылықты түсіндірілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретінін атап өтті. Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет.  Алдын алу – нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жүйесіндегі ең басты элемент. Күш біріктірудің арқасында біз өскелең ұрпаққа оң ықпал етіп, салауатты болашақты қамтамасыз ететінімізге сенімдімін», - дейдіАрман Ақшораев.

Айта кетейік,шараға департамент қызметкерлері мен бірге үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғам белсенділері, еріктілер және жанашыр қала тұрғындары да белсенді атсалысты. Олар Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның алғыс хатымен марапатталды.Жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

Сұхбат

PhotoRoom