Мәдениет саласына серпін беретін жобалар жайында айтылды

Жаңалықтар
30.06.2022, 23:42
Мәдениет саласына серпін беретін жобалар жайында айтылды

Әлі күнге дейін құлашын кеңге жайып, қадамын нық баса алмай келе жатқан саланың бірі қазақ мультфильмі. Жарты ғасырдан асқан тарихы бар бұл салада,  биыл бірқатар оңды өзгерістер болмақ. Бұл ретте, анимациялық киностудиялар ортақ бірлестікке шоғырланып, балаларға арналған рейтингісі жоғары  шетелдік   фильмдерді  дубляж жасауға мемлекеттен қаржы  бөлінеді. 

Керімбек Ниязбай -  «Жебе» компаниясының басшысы

Анимация саласына  бөлінген қаржы өз алдына бөлек, сол салаға жетіп отыру керек. Қазақфильм мекемесі секілді Қазақмультфильм мекемесі  бой көтеретін болса онда сала және жаңа Қазақстанда бала тәрбиесінің жақсы болатынына сенімдімін. 

Кездесу барысында елімізде қазақ анимациясының шығармашылық бірлестігі құрылатынын жеткізген Дәурен Абаев, бұл мекеме биылғы жылы пилоттық жоба ретінде балаларға арналған 10  фильм  әзірлеп ұсынатынын айтты.            

Кездесу барысында мәдениет және спорт министрі  өнер  туризм саласындағы жетістер жайына да тоқталды. Миилионды шаһарда былтырғы жылы 9 нысанға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, биыл 10 мәдениет ошағы жаңалануда. Осы орайда, 2 нысан жаңадан бой түземек.  Ал, мегаполиске саяхаттап келген туристер саны  биыл 30 пайызға өскен. Шаһардағы тарихи сәулеттік орындар, «Шарықтай бер, Шымқала» фестивалі,  гастрономикаялық жәрмеңке, «Қошқарата сейілін» тамашалау үшін соңғы үш айдың ішінде 129 мың шетел азаматты қыдырып келіпті.

Дәурен Абаев – ҚР Мәдениет және спорт министрі

2022 жылы сәуір  аралығында туристік салаға 75 миллиард теңге тартылды. 26 елмен 80 бағыт бойынша әуе қатынасы келтірілуде. Шетелдік азаматтардың  шекарадан құрылық арқылы кесіп өтуіне  шектеу алынып тасталды.

Туризм бойынша Шымкентте енді мобилография фестивалі, шопинг туризмінің апталығы,  фильмдердің саунд трегінің концерті, этно экскурсия секілді тартымды шаралар ұйымдастырылмақ.  Халықпен кездесу барысында  спорт және мәдениет қызметкерлерін толғандырған  өзге де сауалдарға жауап берген министр,  ағымдағы жылдан бастап мәдениет саласының қызметкерлерінің жалақысы көтерілетінін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom