ҚР 7 Конститутциялық, сонымен қатар, 15-тен астам дербес заңдарына өзгерістер енгізілмек. Осы орайда, жаңа заңдардың қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізген сенаторлар, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп өз ойларын ортаға салды. Кездесуде кеңес мүшелері тарапынан мегаполисте қордаланған бірқатар мәселелер көтерілді. Алдымен ауыз су мәселесін қозғаған олар, қоғамдық көліктердегі жеңілдіктер жайында сөз етті. Сондай-вақ, тілге қатысты заңның аясы күшейсе, деген тілектерін де айтып қалды.
Бала туу көрсеткіші жағынан, өзгелерден көш ілгері өңірде, әлеуметтік нысандардың көбеюі заңдылық. Солардың бірі, Төлепбек Назарбеков көшесі бойынан салынып жатқан «Оқушылар сарайы». Биылғы жылдың қаңтарынан басталған құрылыстың барысымен танысқан сенаторлар нысанның мүмкіндігіне өздерінің оң бағасын берді.
Халық қалаулылары ай бойында қала жұртымен бірге, жаңа заңдарға енгізілгелі отырған өзгерістерді талқыламақ. Сонымен қатар, шаһар тұрғындарын толғандырған мәселерді тыңдауға әзірміз, деген сенаторлар шешу жолдарын қолдарынан келгенше қарастыратындықтарын жеткізді.