ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Рейтинг
07.07.2020, 14:21
ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Әл-Фараби ауданы аумағындағы Республика даңғылы және Молдағұлова, Рашидов, Байтұрсынов көшелері мен «Отырар» шағынауданында орналасқан 50 көпқабатты тұрғын үйдің кіреберістері мен ойын алаңдарына дезинфекциялау және тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жалғасын табатын болады.

Еске сала кетейік, Шымкентте карантин режимі 20-шы шілдеге дейін ұзартылды. Осыған байланысты тұрғындарға санитарлық талаптарды сақтап мүмкіндігінше үйде отыруға кеңес береміз.

Сұхбат

PhotoRoom