Теңге бір доллар үшін 460,52 теңгеге дейін нығайды

Жаңалықтар
01.02.2023, 11:09

Қаңтарда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ

Теңге бір доллар үшін 460,52 теңгеге дейін нығайды
Фото: ашық дереккөз

2023 жылдың қаңтар айының қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 0,5%-ға нығайды. Осылайша 460,52 теңгеге жетті.

Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың бір күндегі орташа көлемі бір айда 141-ден 103 миллион АҚШ долларына дейін төмендеді.

Сауда-саттықтың жалпы көлемі 2,1 миллиард АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валюта сату қаңтарда 228 миллион АҚШ долларын құрады.

Ұлттық қордан сату үлесі сауда-саттықтың жалпы көлемінен 11,1% болды және бір күнде 12 миллион АҚШ долларынан аспады.

«Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде Ұлттық банк нарықтық бейтараптық қағидатын сақтайды, бұл шетел валютасын тұрақты әрі біркелкі сату дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибе валюта нарығына Ұлттық қор операцияларының әсерін барынша азайтуға мүмкіндік береді», - делінген ұлттық қор таратқан ақпаратта.

Айта кетейік, қаңтарда Ұлттық банк валюталық интервенциялар жүргізген жоқ.

Сұхбат

PhotoRoom