Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды

Жаңалықтар
01.02.2023, 11:55

Брекешев 2021-2023 жылдары экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды

Серікқали Брекешев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Владислав Воднев

Серікқали Брекешев «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Ол газ жобаларын дамыту бағытына жетекшілік етеді.

Брекешев 2021 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың қаңтарына дейін экология, геология және табиғи ресурстар министрі лауазымын атқарды.

Әр жылдары «ҚазТрансГаз» АҚ техникалық саясат департаментінің директоры, бас директордың ресурстық базаны дамыту және техникалық саясат жөніндегі орынбасары;

ҚР мұнай және газ министрлігінде газ өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры; «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ және «Құрақұдық» ЖАҚ компанияларында инженерлік техникалық қызметтер атқарды.

Сұхбат

PhotoRoom