Тоқаев Ұлттық банктің төрағасын қабылдады

Жаңалықтар
01.02.2023, 14:42

Пірматов Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады

Тоқаев Ұлттық банктің төрағасын қабылдады
Фото: Владислав Воднев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады.

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің биыл қаңтарда жүзеге асырған ақша-кредит саясатының қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Ғалымжан Пірматов Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалы, іскерлік белсенділік, инфляция факторлары мен оны төмендету үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берді.

Сондай-ақ БЖЗҚ, Ұлттық қор және алтын-валюта резервтерінің жай-күйі туралы баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді іске асырудың және валюта нарығын одан әрі жетілдірудің маңыздылығын атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom