Адуынды ақын, ел құрметтеуге тиіс «Төрт ананы» тағы түгендеп айтты. Жырымен жұртын «Эверестке шығарды». Күйреген ұлт жанын «Жігерлендірді». Халқын «Құз басында» қалдырмай, ұлт мүддесі жолында жан аямай күресті. Ақын поэзиясында азаматтық ұстаным үнемі биіктен көрінді. Қарапайым қалыпқа сыймайтын отты жырымен халқын оятты. Сондықтанда, ақынның өлеңдерін еңбектеген баладан, еңкейкен кәріге дейін жатқа оқиды.
Мұхтар Шаханов - тілімізді тірілтуге үн қосты. Желтоқсан құрбандарын ақтады. Аралдың аянышты халін баяндады. Күллі шығысқа ортақ «Наурызды» ортамызға оралтты. Шындықты шімірікпей жайып салды. Тарих беттерінде өшпес өнеге қалдырды. Осы үшінде, Шаханов есімі өзгеден ерек. Азаматтық болмысы мен ақындығы тағы бір төбе. Мерейтой иесіне замандастарының да құрметі айрықша.
Қашанда қарапайымдылықтан танбаған ақын ұлтымнан биік емеспін дейді. Қазақтан алғанымды өзіне өлеңмен қайтарып жүрмін деп есептейді. Кеш иесі дабыраны жаны сүймегенмен, ыстық ықыласқа дән риза екенін жеткізді.
Шығармашылық кеште ақынның өлеңдерін оқушылар айтып, тыңдарман рухани баий түсті. Жиналған жұрт заманның заңғар алыбына тік тұрып қошемет көрсетті.