211 пәтерге құжат қабылдау басталды

Жаңалықтар
25.07.2022, 11:43
211 пәтерге құжат қабылдау басталды

Шымкентте жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 211 пәтер Тұран шағын ауданында орналасқан. Бұл баспананы берудегі басты мақсат — жұмыс істейтін жастарға жеке баспана алуға қаражат үнемдеуге мүмкіндік бере отырып, оларды қолдау болып табылады.2022 жылы азаматтардың пайдалануына жалпы 1 605 пәтер табысталу жоспарланға болса, оның ішінде жұмыс істейтін жастар бағдарламасы бойынша 857 пәтер қарастырылған. Бұл бойынша алдағы уақытта жыл соңына дейін кезең - кезеңімен конкурстар өткізілетін болады.

Қатысушыларға қойылатын басты талаптар: жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс, бағдарламаға қатысуға өтінім берушінің соңғы 2 жылда ҚР аумағында иелігінде  тұрғын үй тіркелмеуі керек, Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы сонымен қатар ай сайынғы табысы 40 АЕК яғни, 122 520 теңгеден асуы шарт.Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы өтініш бере алады.

Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша 2019 жылдың желтоқсан айында құжаттар қабылдау басталып, 2020 жылы сатып алу құқығынсыз жастарға 904 пәтер қолданысқа табысталған. Ал, 2021 жылы 300 пәтер берілген. Жастар бағдарламасы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілген пәтерлерде  жастар 5 жылға дейін жалдап тұра алады.

Сұхбат

PhotoRoom