Мемлекеттік мекемелерге дизенфекция жұмыстары жүргізілді

Рейтинг
07.07.2020, 16:51
Мемлекеттік мекемелерге дизенфекция жұмыстары жүргізілді

Ағымдағы жылдың 4 шілдесі күні Абай ауданы аумағында орналасқан бір қатар мемлекеттік мекемелерге, атап айтқанда Абай ауданы әкімінің аппараты, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті, Абай аудандық прокуратурасы, Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы, Еңбекші аудандық соты, қалалық төтенше жағдайлар департаментіне және "Nur otan" партиясы Шымкент қаласы бойынша филиалына дизенфекция жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, комерциялық нысандарға "Халық" банктің Б.Момышұлы даңғылы бойындағы филиалына, "Баян сұлу" және "Аль-Фараби" сауда орталықтарының ғимараттарына залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Залалсыздандыру жұмыстары күнделікті кесте бойынша қауіпті індеттің таралуы тұрақталғанға дейін тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Сұхбат

PhotoRoom