Жүк тасымалдаумен айналысқан компания мемлекетке 5,3 млрд теңге аударады

Жаңалықтар
02.02.2023, 12:36

ЖШС монополистік қызметтен 4,2 млрд теңге табыс тапқан

Жүк тасымалдаумен айналысқан компания мемлекетке 5,3 млрд теңге аударады
Фото: ашық дереккөз

«Eurotransit Nur Zholy» ЖШС-ға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі Алматы облысы бойынша департаменті хабарлады.

Ресми ақпаратқа сәйкес, заңды тұлға Қытай халық Республикасының аумағынан Қазақстанға жүк тасымалдаушы жалғыз оператор бола тұра, өз қызметіне бағаны заңсыз өсірген.

Компанияға тиесілі бос жүк машиналары ҚХР жағынан тауар тиеп, ЖШС қоймасына оралып отырған. Бұл қызметі үшін бағаны, яғни бір рейс құнын (ұзындығы 3 шақырым) заңсыз жолмен қымбаттатқан. Монополистік қызметтен түскен табыс 4,2 млрд теңгені құрады.

Тергеп-тексеру барысында өз кінәсін мойындаған ЖШС басшылығынан мемлекет кірісіне құны 5,3 млрд теңгеден аса ЖШС активтерін (аумағында көлік-логистикалық ұйым орналасқан 3,6 гектар жер телімі) аудару туралы өтінішхат түсті.

Сұхбат

PhotoRoom