Кәсіпкерлік қарқыны «AMANAT» партиясының бақылауында

Саясат
05.08.2022, 13:14
Кәсіпкерлік қарқыны  «AMANAT»  партиясының бақылауында

Мегаполистегі кәсіпкерліктің қарқынын қадағалайтын мониторинг топ құрылған. Ол топ Жол картасындағы тармақтардың орындалуы бойынша, жұмыс орындарының ашылуы бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізген. Ай бойы жүргізілген жұмыстар нәтижесі осы жиында әңгімеге арқау болды.

Әлемдегі дағдарыс Шымкенттегі ірі кәсіпорындарға кедергі келтіріп отыр. Әсіресе шетелдік шикізатқа тәуелді ірі бизнес нысандардың қолы байланып отыр. Әлемдегі жағдай мақта кластерінеорасан нұқсан  келтіруде. Дағдарыс бизнесті дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашуға  кедергі болып тұр.

Жиында «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасының әр тармағы талқыланды. Кемшін түсіп жатқан тұстардың себеп салдары сөз болды. Тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелді. Бағдарламаның Шымкент қаласында орындалу барысы жіті назарда болатыны ескертілді. Басты мақсат қиын жағдай болсада ел игілігіне бағытталған жобаларды жүзеге асыру.

Сұхбат

PhotoRoom