Дағдарыс орталығының жұмысы зерделенді

Саясат
02.09.2022, 13:35
Дағдарыс орталығының жұмысы зерделенді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында басты құндылық – адам және оның өмірі деп атап өтті. Жаңа Қазақстанның жаңа сипатын айшықтауға мүдделілер саяси құжатта айтылған тапсырмаларға ерекше ден қойды.  «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы «Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау» жөніндегі қоғамдық кеңес отырысын өткізді. 

Партияның пәрменді жобаларының бірі -«Бақытты отбасы» бағдарламасы. Келелі кеңестің кезекті отырысында тұрмыста зорлық зомбылық көрген аналардың жағдайы сөз болды. Бұл бағытта аз қамтылған отбасыларды қолдау үшін  тиісті дағдарыс орталықтарын ашу жұмыстары жүргізілген болатын. Нәтиже қандай? 

Жыл соңына дейін «Бақытты жанұя» мекемесінің филиалы ашылады.  Алайда,жауаптылар мұндай жобаның қажеттілігі жоқ екенін айтуда. Дайын асқа тік қасық болатындаордың санын арттырмай, отбасын сақтауға әрекет жасау керек дейді мамандар.  Қазір дағдарыс орталығында 80 азаматтан тұратын 18 отбасы бар. Оларға мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетіліп жүр. Шартты және шартсыз берілетін қаржылай көмек те көрсетіледі. Тіпті, дағдарыс орталығынан пана іздеп келгендердің арасында өз кәсібін ашқандар да бар көрінеді. 

Жиынға қатысушылар шаһарда зорлық-зомбылыққа қатысты статистика дұрыс жүргізілмейтінін де тілге тиек етті. Яғни екі көршінің жанжалына қатысты шақыртуда аталған тізімге еніп кетеді екен. Салдарынан министрлік үшінші мегаполисте орталық ашу қажеттілігі бар деген ұйғарымға келген дейді қоғамдық кеңес мүшелері. Енді олар аталған мекеме филиалын ашу тиімсіз екені туралы арнайы хатты министрлікке жолдамақ. Бұдан өзге зорлық-зомбылыққа ұшыраған жасөспірімдердің ата-анасын жауапкершілікке тарту туралы ұсынысты да хаттамаға енгізбекші. 

Сұхбат

PhotoRoom