Президент неге кезектен тыс сайлау жариялады?

Саясат
05.09.2022, 13:36
Президент неге кезектен тыс сайлау жариялады?

Жолдауды талқылау мен түсіндіруді «Аманат» партиясы бастады. Шымкент қалалық филиалында партиялық актив мәжілісі өтті. Күн тәртібіндегі мәселе – Президент Қасым-Жомарт-Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауының түсініксіз тұстары болса, анықтау, сұрақтарға жауап беру мен пікір білдіру болды. 

Күн тәртібіндегі басты тақырып – Жолдау. Әуелі қала басшысы еліміздің үлкен саяси реформалардың алдында тұрғанын айтты. Бұл өзгерістердің бастамасы күзде өтетін Президент сайлауы. Мұрат Әйтенов көптің көңілін күпті етіп жүрген мәселелерге нүкте қойды. Бұл жерде ел айтқандай ешқандай саяси астар тұрған жоқ, шынымен де Президент енді 7 жылға бір рет қана сайланатын болады. 
 

Жарыссөзге шыққан спикер Жанар Бектаева Жолдауды жан-жақты талдап берді. Барлық саланы қамтыған бұл құжаттың маңызы зор екенін де атап көрсетті. Тарау-тараумен жіктеп шықты. Партия активінің сұрақтары болған жоқ. 
 

 «Аманат» партиясы басқа партиялардан көп жұмыс істеп жатқаны жасырын емес. Өзге ешбір партияда аудан, ауылдарда филиал жоқ. Фракция мүшесі, қалалық мәслихат хатшысы Бахадыр Нарымбетов осылай дейді. Алдағы уақытта да бұл партия елімізге қызмет етудің үздік үлгісін көрсете беруі керек деп есептейтінін жеткізді. Сонымен қатар, бұл жолдау елдің көкейінде жүрген барлық мәселені қамтып, біраз сұраққа жауап болғанын айтты. 
 

Жиын соңында қала басшысы Жолдауға қатысты бірқатар тапсырмалар жүктеді. Ең әуелі мемлекет басшысының Жолдауын насихаттау бойынша арнайы іс-шара жоспары әзірленіп, бекітілуі керек. Сонымен қатар, осы мақсатта зиялы қауым, депутаттар, қоғамдық бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйым мүшелерінен құралған спикерлер пулын құру тапсырылды. БАҚ мен әлеуметтік желілерде насихаттау бойынша арнайы медиа-жоспар да әзірленетін болады. 

Сұхбат

PhotoRoom