Шегірткіге қарсы химиялық күрес шаралары жүргізілуде

Рейтинг
07.07.2020, 20:08
Шегірткіге қарсы химиялық күрес шаралары жүргізілуде

Биыл Шымкент қаласында үйірлі шегіртке тектес зиянкестерге қарсы химиялық күрес шараларына жалпы 1810 гектарға 5 430 мың тг. қаржы қаралған. Соның ішінде Абай ауданында- 680 га;  Әл-Фараби ауданында-100 га;  Еңбекші ауданында- 400 га; Қаратау ауданында-630 га жерге жүмыс  жүргізілетін болады. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық (2019 жылы - 400 га).

Бүгінгі таңда өңдеу жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесі бойынша 2 980 мың теңгеге ЖК «Аккозов Б.Ж.» медігер болып табылып, тиісті жұмыстарын жүргізуде.

Химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін егіс алқаптарында алдын-ала анықтау-зерттеу жұмыстары қолға алынды. Оған «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдау әдістемелік орталығы» мемлекеттік мекемесінің қалалық филиалы және қалалық аумақтық инспекциясымен өзара бірлесіп анықтау-зерттеу жүргізді. Химиялық өңделетін алқаптар аспалы және тіркемелі бүріккіштермен бүгінгі таңда қала бойынша 600 га жер теліміне өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар жалғасуда.

 

Сұхбат

PhotoRoom