«Birgemiz: Taza alem» жоба аясында еріктілер көгалдандыру жұмыстарын жүргізді

Рейтинг
07.07.2020, 20:22
«Birgemiz: Taza alem» жоба аясында еріктілер көгалдандыру жұмыстарын жүргізді

Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығы волонтерлары, «Жасыл белдеу» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен «Birgemiz: Taza alem» жалпыұлттық жобасы аясында және қала күніне орай тазалық жұмыстарын ұйымдастырды. Тазалық жұмыстары Шымсая шатқалының аумағында өтті. Іс шараға 50-ден астам ерікті ат салысты. Игі бастама барысында еріктілер көгалдандыру жұмыстарын жүргізіп, айналаны қоқыстан тазартты.

Сұхбат

PhotoRoom