Жолдау жүктеген міндеттер жиналыспен шешелмейді

Саясат
12.10.2022, 14:55
Жолдау жүктеген міндеттер жиналыспен шешелмейді

Жолдау жүктеген міндеттер жиналыспен шешілмейді. Осылай деген Шымкент қалалық мәслихатының депутаты Талғат Балтабаев Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғындарымен кездесті. Басты құжатта бекітілген бағыттар бойынша сөз қоғаған ол, шалғайдағы шағын ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. 

Мемлекет басшысының халыққа арнаған жолдауында әлеуметтік мәселелер кеңінен көтерілгені белгілі. Осы орайда, шалғайдағы шағын аудандарды инфрақұрылым жүйесімен қамту мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталған қалалық мәслихат депутаты Талғат Балтабаев Қайнарбұлақта келер жылы таза ауыз су мен жарықтың, сонымен қатар, көгілдір отынның мәселесі шешілетінін жеткізді. 

Жиын барысында елдімекендегі қордаланған мәселелерді көтерген тұрғындар, балабақша, мектепке қосымша  ғимарат салынса, деген тілектерін де айтып қалды. Сондай-ақ, интернет жүйесін жақсартып, көше жарығына да көңіл бөлінсе, дейді.

Айта кетейік, қала шетіндегі тұрғын алапқа бүгінде таза су жүйесі мен көгілдір отынның құбыры тартылуда. Тамыз айында бастаған табиғи газ жүйесінің жұмысы 490 шақырымды құрамақ. Нәтижесінде 7186 үй қамтылады деп жоспарланған. 

Сондай-ақ, биылдың шілдесінде басталған су жүйесінің құрылысы да қарқынды жүргізілуде. 329,8 шақырым ішкі орамдық жүйенің қазіргі таңда, 30 шақырымға жуығы  тартылған. Алдымен, халық тығыз орналасқан жерлердегі жұмысты қолға алған мердігерлер бұйыртса, келесі жылы толығымен тәмамдамақ. Сонымен қатар, сот шешіміне байланысты тоқтатылған сапалы жарық жүйесінің құрылысы да алдағы жылдың еншісіне қалдырылуда. 

Сұхбат

PhotoRoom