Абай ауданының бюджеті соңғы 5 жылда 24 есеге өскен

Жаңалықтар
28.10.2022, 15:13
Абай ауданының бюджеті соңғы 5 жылда 24 есеге өскен

Абай ауданының бюджеті соңғы 5 жылда 24 есеге өскен. Бұл туралы аудан әкім Бұхарбай Парманов БАҚ өкілдеріне берген сұхбаты барысында мәлімдеді. Сондай-ақ, негізгі көрсеткіштерге егжей-тегжейлі тоқталған аудан басшысы, атқарылған жұмыстарды да айтып өтті.

Жылдан-жылға өскен бюджет қаржысының басым бөлігі, аудандағы инфрақұрылым мәселесін шешуге бағытталған. Нәтижесінде, аталмыш аудан халқын таза ауыз сумен қамту көрсеткіші  ағымдағы жылы  100 пайызға жетеді деп жоспарланса, сапалы электр жарығының жыры да биылғы жылдан қалмай толығымен шешімін таппақ.  Ал, көгілдір отын мәселесі 91 пайыз төңірегін құрайды деп күтілсе, кәріз жүйесінің көрсеткішін біртіндеп жақсарту жолға қойылған. 
 

Ауданда көше жарығының жағдайы да соңғы жылдары жақсарып келеді. Биылдың өзінде 140 көшеге жарық шамдар орнатылса, аумақты интернет желісімен қамту деңгейі де өскен. Ал, ирригациялық арық 21 көшеде жүргізіліп, қар мен жаңбыр маусымына дайын тұр. Аудан басшысының айтуынша, ағымдағы жылы жаңа индустриалдық аймақтың ашылмақ.  Абай ауданының аумағында орналасқан елдімекендердің басым дені шалғайдағы щағынаудандар екендігін ескерсек, ондағы жолдың жағдайы біртіндеп жақсарып келеді. Ағымдағы жылы 56, 2 шақырым жолға асфальт төселіп,  Халық қатысатын бюджет жобасы аясында 32 үй ауласы абаттанған. Бұл рете, ойын алаңшаларының көбі қала шетіндегі елді мекендерге орналастырылған.  

Сұхбат

PhotoRoom