Оқушылар жаңа мектепке жол салды

Жаңалықтар
07.11.2022, 15:26
Оқушылар жаңа мектепке жол салды

 

Солтүстік саяжайдағы «Достық» мөлтекауданында су жаңа мектеп еңсе тіктеді. Заманауи білім ордасы мемлекеттік жекешелік әріптестік аясында жеке кәсіпкердің бастамасымен оқушыларға айқара есік ашып отыр.

Екі қабатты, 285 орындық жаңа мектеп алыстан мен мұндалайды. Достықтың қақ ортасынан еңсе тіктеген оқу ұясына іргедегі №69 жалпы орта мектептің оқушылары оқуға ниет білдіріп отыр,-дейді, білім ордасының басшылығы.
Жаңа ғимаратта жас өскіннің сапалы білім алуы үшін бар жағдай жасалған. Балаларды бұқаралық спортқа бейімдеуге бағытталған спорт залы жұмыс істейді. Қазір білім ордасында 8 сыныпқа оқушы қабылданды.
Ел болашағы - білімді жастардың қолында. Шәкірттерге бәсекеге қабілетті үлгідегі білім беру – бүгінгінің міндеті, дейді, шаһардың бас ұстазы.
Қазір Шымкент мектептерінде 68 мыңнан астам оқушы орнына тапшылық бар. Ал, жыл сайын бірінші сыныпқа табалдырық аттайтын оқушы 8 мыңға артып отыр. Демек, миллионды шаһарға мектеп көптік етпейді деген сөз. Су жаңа ғимараттың ашылу салтанатына келген қонақтар педагог қауымға сәттілік тілеп, жаңа мектептің мүмкіндіктерін жоғары бағалады

Сұхбат

PhotoRoom