Аудандағы тұрғындардың талап-тілегі орындалды

Жаңалықтар
02.02.2023, 15:52

Бүгін «AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен,  ауданға қарасты «№3 Шымкент балалар үйі» коммуналды мемлекеттік мекемесінің ұжымымен және тәрбиеленушілерімен азаматтардың  ұсыныс, талап-тілектерін жинау бойынша кездесу өтті.

Аудандағы тұрғындардың талап-тілегі орындалды

Кездесуде аталмыш мекеме қызметкерлері мен тәрбиеленушілері өздерін толғандырған сауалдары мен ұсыныстарын жеткізді. Барлық ұсыныстар аудандық партия филиалы тарапынан тіркеуге алынды.  Сондай-ақ, бүгін «Жайлау» бастауыш партия ұйымына қарасты №70 бала бақша ұжымымен тұрғындардың ұсыныс, талап-тілектерін жинау бойынша жиын өтті. Басқосуда Абай ауданының тұрғындары білім саласына, денсаулық сақтау, инфрақұрылым мәселелеріне қатысты ұсыныстары мен тілектерін жеткізді. Жетекші партияның өкілдері аталмыш ұсыныстардың бәрі де ескерілетінін, алдағы уақытта айтылған кемшіліктер бойынша нақты тапсырмалар болатынан айтты.

Сұхбат

PhotoRoom