Премьер-министр Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті

Жаңалықтар
02.02.2023, 16:22

Тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою мәселесін талқылады

Премьер-министр Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасымен кездесті
Фото: премьер-министрдің ресми сайты

Премьер-министр Әлихан Смайылов Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясниковичпен кездесті. Кездесу Алматыда Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезекті отырысы қарсаңында өтті.

Тараптар ЕАЭО аясында кедергілерді жою, бұрын қабылданған стратегиялық құжаттарды іске асыруға ғылыми негізді күшейту, сондай-ақ Сауда және техникалық реттеу блоктары жөніндегі комиссия жұмысының мәселелерін талқылады.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, Қазақстан ЕАЭО қызметі тек экономикалық бағытта болуға тиіс деген ұстанымды басшылыққа алады.

Барлық шешім экономикалық прагматизмге негізделуі керек, — деді премьер-министр.

Өз кезегінде Михаил Мясникович Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң көрсеткіштері ЕАЭО елдерімен өзара сауданы одан әрі кеңейту үшін қолайлы жағдайлар жасайтынын атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom