Шымкент: 20 көпқабатты кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды

Рейтинг
08.07.2020, 09:57
Шымкент: 20 көпқабатты кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды

Шымкент қаласының құрылыс басқармасының мәлімдеуінше, қалада 20 көпқабатты кредиттік тұрғын үйлердің құрылысы аяқталды. Атап айтқанда:

- Әкімшілік-іскерлік орталығында 8 үй;

- Шымкент сити шағын ауданында 12 үй;

Тұрғын үйлер 12 және 16 қабатты, 1, 2, 3 бөлмелі. Жалпы пәтер саны 1416, ауданы 81,6 мың шаршы метрді құрайды.

Тұрғын үйлер Тұрғын үй жинақ банкісі арқылы бірінші кезекте Шымкент қаласында баспанаға мұқтаж кезекте тұрған азаматтарға берілетін болады. Пәтердің 1 шаршы метр құны 180 мың теңге.

Нәтижесінде, 1416 отбасы өз баспанасына қол жеткізеді.

 

Сұхбат

PhotoRoom