«Ағаш отырғызу – сауапты іс» акциясы өтті

Жаңалықтар
14.11.2022, 17:51
«Ағаш отырғызу – сауапты іс» акциясы өтті

«Ағаш отырғызу – сауапты іс». Дәл осы тақырып аясына топтасқан «Ассамблея жастары» мен этномәдени бірлестік өкілдері «Шымсая» шатқалына тал екті. Сауапты істен құр қалмауға тырысқан жергілікті басқарма қызметкерлері мен еріктілер де сол жерден табылды.

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесі отырысында орман қорында 2 миллиард, ал, елді мекендерде 15 миллион ағаш көшеттерін отырғызу жөніндегі бастамасын қолдаған  «Ассамблея жастары» мен этномәдени бірлестік өкілдері сенбі күні «Шымсая» шатқалына тал екті. Өздеріне берілген аумақты 1,5 сағаттың ішінде аяқтаған жастар жағы өзгелерге де қолғабыстарын тигізуде.

Акция аясында шатқал маңына 4000-ға жуық ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Осы орайда, сауапты істен құр қалмауға тырысқан жергілікті басқармаларға қарасты мекеме қызметкерлері қолдарына күрек алып, мегаполистің көркеюіне өз үлестерін қосуда.

11 гектар алқапты алып жатқан «Шымсая» шатқалына осы күзде 8 мыңнан астам ағаш көшеттерін осырғызу көзделген екен. Бүгінде мұнда, 700-ге жуық көгеріп тұрған тал бар. Олар өткен күз бен көктемде егіліп, 4 ұңғыма арқылы суғарылуда.

5 қарашадан басталған жаппай ағаш егу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Нәтижесінде, қала аумағына жалпы 160 696 ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланған. Оның ішінде: Дендросаябақ аумағына 5000 көшет, аудан әкімдіктерімен көше бойларына 35 696 көшет, «Жасыл белдеу» КММ жерлеріне 120 000 көшет.
 

Сұхбат

PhotoRoom