Шымкенттік ғалым көпфункциналды тіркеме ойлап тапты

Жаңалықтар
18.11.2022, 17:56
Шымкенттік ғалым көпфункциналды тіркеме ойлап тапты

Шыменттік ғалым шаруаларға аса қажет көпфункциналды тіркеме ойлап тапты. Инновациялық  жоба қолданысқа енсе шаруалар бір құрылғының  көмегімен 4 қызметті бірден атқара алады.  Идея атворы  тың құрылғыны  жергілікті зауытта  құрастырған.  Икемшіл  жабдыққа,  тіпті,  шет елдіктер  де  қызығушылық  таныта бастаған.

Техника ғылымдарының кандидаты, доцент Нұрлыбай Манабаев  ойлап тапқан туынды «әмбебеп көпфункциналды  аспалы құрылғы»  деп аталады.  Бүгінде тіркеменің 3 данасы құрастырылып,  шығарылған.  Озық инновациялық жобаның артықшылығы  бір тіркеме 4 пішінге өзгереді.    
Енді, Қазақстан және жақын алыс шет мемлекеттерде аналогы жоқ тіркемені көптеп   құрастыру  үшін жоғары оқу орны жанынан арнайы  цех ашылмақшы. Кешенде  6 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. // Осылайша, тың иннвациялық жобаны сатылымға шығаруды жоспарлап отыр.

Сұхбат

PhotoRoom