15 мыңға жуық жас әлеуметтік бағдарламаға тартылған

Жаңалықтар
25.11.2022, 18:23
15 мыңға жуық жас әлеуметтік бағдарламаға тартылған

Биыл 18 мыңға жуық жасты жұмыспен қамту көзделсе, 15 мыңға жуығы әлеуметтік бағдарламаға тартылған. Бұл туралы қалалық  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов  11 айда атқарған жұмыстары бойынша есеп беру кезінде мәлімдеді. Сондай-ақ 32 мыңға жуық жасқа аудандық жастар ресурстық орталықтары қызмет көрсеткен. Ал әлеуметтік бағыттар бойынша 380 шара ұйымдастырылып, онымен 160 мыңға жуық жас қамтылыпты.

«Көрме орталығы» ғимаратында жаңа брифинг алаңы ашылды. Онда Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері басқармасының басшысы Мұратжан Шотанов баспасөз брифингін өткізді.  
Шымкентте 14 пен 29 жас аралығында 250 жуық жас бар. Бұл - қала тұрғындарының  21,7 пайызын құрайды. Шаһар басшылығы базардағы жастарды да ұмыт қалдырмаған. 9 базардың жанынан «Жастар ұйымын» ашып, базарда жұмыс істейтін жастарды шағын кәсіпкерлікті дамыту мен спорттық іс-шараға тарту мақсатында жұмыстар атқарған.
Қалалық  ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы жыл бойы мемлекеттік мерекелерді, атаулы даталарды атап өтуде бірқатар іс-шаралар атқарған.
Үшінші мегаполис бұқаралық ақпарат құралдары жағынан көш басында. Бүгінгі таңда басқармамен мемлекеттік ақпараттық саясат 8 телеарнада, 1 радиода, 24 газет  пен 44 интернет-ресурстарында жүргізілуде. Басқарманың ақпараттық құралдармен етене жұмысының арқасында тұрғындар шаһарда атқарылып жатқан жұмыстардан хабардар болып отырған. Әсіресе әлеуметтік желіде белсенділік байқалады дейді басқарма басшысы Мұратжан Шүкірханұлы
Айта өтейік, басқарма басшысы БАҚ өкілдерімен кездесуде азаматтық қоғам институттарын дамыту және белсенділігін арттыру мақсатында «Азаматтық қоғамды дамыту жол картасы»  жобасы аясында үкіметтік емес ұйымдарға арналған «Азаматтық ресурстық орталық» ашылғанын сөз етті. Онда 450-ден астам жеке және заңды тұлғаларға заң талаптарына сәйкес кеңестер берілген.

Сұхбат

PhotoRoom