Көше жөндеу жұмыстарын желтоқсан айында аяқтау жоспарланған

Рейтинг
08.07.2020, 10:10
Көше жөндеу жұмыстарын желтоқсан айында аяқтау жоспарланған

Биыл Шымкентте көптеген көше орташа және күрделі жөндеуден өтіп жатқаны белгілі. Солардың бірі - Әл-Фараби алаңы аумағында орналасқан Түркістан көшесінде (Әл-Фараби алаңынан Ж.Адырбеков көшесіне дейінгі аралықта) мердігер мекеме «АЗИЯКОМПЛЕКССТРОЙ» ЖШС тарапынан 1,8 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

– Жолдың ені 14,7 метр, екі жағынан 1,4 кеңейеді. Қосымша жауын суы жиналатын құбыр орнатылуда, ағын су сонымен үлкен канал-арықтарға құйылады. Жол бойында асфальт, жарықтандыру жүйесі, жаяу жүргіншілер жолы және бағдаршам мен аялдама, веложолақтар, арық жүйесі қарастырылған. , - дейді Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов. Аталған көшелерде жөндеу жұмыстарын 2020 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.

Сұхбат

PhotoRoom