Желтоқсаншылар марапатталды

Жаңалықтар
19.12.2022, 18:43
Желтоқсаншылар марапатталды

Биыл КСРО-ның ыдырауын жеделдеткен Алматыдағы Желтоқсан көтерілісіне тура 36 жыл. Сол бір ызғарлы желтоқсанда азаттықты аңсаған жастар қазақ намысын қорғады. Қаншама жас мерт болып, қаншама өрен жазықсыз сотталды. Тәуелсіздік күні қарсаңында ордабасылық желтоқсаншылар бас біріктірді. Өздерінің ортақ мәселелерін талқылады.

1986 жылдың 16 желтоқсанында мыңдаған жас Д.Қонаевтың қызметте кетуіне наразылықтарын білдіріп, ҚКОК-нің 1-хатшысы болған Колбиннің орнына қазақ азаматын тағайындауды талап еткен болатын. Десекте кеңестік жүйенің салақай саясатынан жеріген қазақ жастарының алаңға шығуына  әділетсіз тағайындаудан да басқа себеп көп еді. Жиналған топтың оңайлықпен тарамайтынын білген Кеңес билігі жастарды алаңнан күштеп қуды.  
Ордабасы ауданында бас біріктірген желтоқсаншылар өздерінің мәселелерін ортаға салды. Қазақтың намысын жыртып қылышынан қан тамған кеңестік жүйеге қарсы шыққандарға әлі күнге дұрыс баға берілмей келе жатыр. Тіпті кейбір желтоқсаншылар әлі күнге ақталмаған. Осы секілді талаптар тізбесін мемлекет басшысына жолдаған.
Ордабасыда 47 желтоқсаншы бар. Кездесу барысында оларға  аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. Елімізде Желтоқсан оқиғасында қанша адамның қаза тапқаны әлі күнге дейін нақты емес. Ресми деректерде қайтыс болған төрт адамның ғана аты айтылса, бейресми дереккөздер марқұм болғандар санының бұдан әлдеқайда көп екенін мәлімдеп келеді. Сондай-ақ, осы көтеріліске қатысқан 99 жас азамат сотталып, 264 студент оқудан шығарылған.12 Жоғары оқу орнының басшылары орнынан босатылған

Сұхбат

PhotoRoom