2023 жылы жұмыссыз жастарды қолдау жалғасады

Жаңалықтар
21.12.2022, 18:45
2023 жылы жұмыссыз жастарды қолдау жалғасады

Келер жылдан бастап, жастарға мемлекет тарапынан жеңілдетілген несие беріле бастайды. Қазір бұл жобаның критерийлері дайындалып жатыр. 2,5%-дық несие 5,8 мың жасқа үлестірілмек. Оның ішінде шымкенттік жастардың үлесі басым. Бұдан өзге де әлеуметтік әлеуетін әлдендіретін жобалар баршылық. 2023 жылы Үкімет бекітіп, басымдық беріп отырған бағдарламалар қандай?

Оңғар Лақан былтыр политехникалық колледжді бітірді. Мамандығы- автоматтандыру және басқару. Бұған дейін бозбала жұмыссыз жүрді. Бүгін жұмыспен қамту орталығына келіп, жұмыссыз ретінде тіркелді. Ал, мұндағы мамандар Оңғарға мемлекеттік бағдарлама бойынша бекітілген бағыттарды бүге-шүгесіне дейін түсіндірді. Жұмыс ұсынды.
Көп жастар оқуды бітірген соң, қайда барарын білмейді. Ондай кезде жұмыс іздеушілерге жол сілтейтін маманның дәйекті деректері қажет-ақ.
Мемлекет жастарды жұмыспен қамту мәселесіне ерекше назар аударады. Атап айтсақ, жыл сайын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Жеңілдікпен кредиттеу» және «Дипломмен ауылға» бағдарламалары сияқты жобаларды іске асыру шеңберінде республика бойынша 100 мыңға жуық жас еңбекпен қамтылады, дейді басқарма басшылары.
Кәсіпкерлікті дамыту жөнінде ұлттық жоба бар. Соның аясында биыл шаһарда 2287 жас жұмысқа орналаспақ. Айлық жалақысы - 28 АЕК, яғни,  80 мың теңге.  Жастарды қолдау мақсатында нарық сұранысына қарай қысқа мерзімде оқыту жұмыстары да жүргізіледі. Мемлекет субсидиялайтын жұмыспен қамтылған азаматтардың 40%-ы жастар екен.

Сұхбат

PhotoRoom