Жаңа гүлзар жайқалып тұр

Рейтинг
08.07.2020, 10:29
Жаңа гүлзар жайқалып тұр

Үшінші мегаполисте жыл жылжыған сайын гүлзарлар қатары артып келеді. Халықтың игілігіне айналған демалыс орындарын қатарын толықтырған  саялы саябақтың айналасы бүгінде көгалдандырып, гүл отырғызылған. Шымкент қаласына қарасты Әл Фараби ауданындағы Спорт шағынауданы А.Байтұрсынов көшесі бойындағы гүлзар былтыр жыл соңында пайдалануға берілген болатын. 100 күнде салынып біткен саялы мекенде ыңғайлы орындықтар, қала тазалығы үшін кішігірім қоқыс жәшіктері орнатылған. Ал ортасында субұрқақ орналасқан. Мегаполис қаладағы шағынаудандар мен елдімекендердің абаттандыру, көріктендіру жұмыстарына басымдылық беріледі. Осындай көрікті орындарды сақтау, күтіп ұстауға қала тұрғындары жауапкершілікпен қарайды деген сенім басым. Демалыс орнында жаңа субұрқақ бой көтерді. Ашылу салтанатында отырғызылған ағаштар бүгінде көкке көк тіреп, жайқалып тұр. Тазалықшылар саялы саябақтың таза әрі көрікті болуы үшін жұмыла жұмыс атқаруда.

Сұхбат

PhotoRoom