Шымкентте 33 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған

Жаңалықтар
27.12.2022, 18:48
Шымкентте 33 көпқабатты тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған

Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 1860 пәтерлі 33 үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде, 19 үй кредиттік негізде, 14 үй арендалық негізде берілетін болады. Ал, 23 әлеуметтік нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілді.

 

Шымшаһар халқын тұрғынүймен қамту ісі жыл сайын жүйеленіп келеді. Айталық, биыл 630 пәтерлі 12 тұрғын үй бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға тапсырылған. Қалған 102,0 мың шаршы метр құрайтын 1230 пәтерлі 21 тұрғын үйдің құрылысын жыл қорытындысымен аяқтау жоспарланған. Ал, Тұран ықшам ауданындағы 83,5 мың шаршы метр құрайтын 1112 пәтерлі 18 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. 2022 жылы Шымкент қаласында әлеуметтік маңызы бар 23 нысанда құрылыс жұмыстары басталды.
7 ӘЛЕУМЕТТІК САЛА НЫСАНДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛДЫ
 Ағымдағы жылы жалпы 7 әлеуметтік сала нысанды пайдалануға беру жоспарланған. Бүгінгі күнге, №38, 46, 47, 72, 80 мектептердің қосымша оқу ғимараттарының құрылысы аяқталды. Су жаңа ғимараттар ел игілігіне берілді. Сонымен қатар, 1 саябақ пен ауылшаруашылығы саласында биотермиялық шұңқыр құрылысы пайдалануға тапсырылды. Қалған 16 әлеуметтік сала нысандарының құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Сұхбат

PhotoRoom