Спорт саңлақтары марапатталды

Жаңалықтар
29.12.2022, 18:50
Спорт саңлақтары марапатталды

2022 жыл  Шымкент спорты үшін табысты жыл болды. Мегаполис спортшылары Қазақстанда өткен  чемпионат, кубокта мен Азия, әлем чемпионаттарынан жалпы 842 алтын, 750 күміс, 779 қола медаль иемденген. Спорт басқармасы жылды қорытындылап еліміздің көк туын жоғары желбіреткен саңлақтарды марапаттады. 

Жыл бойы қаламызда да түрлі спорттық сайыстар ұйымдастырылған. Шымкент қаласында 39 - ҚР чемпионаты, 6 - ҚР Кубогы, 15 -Республикалық, 4 - Халықаралық жарыстар және 35 қала чемпионаттары өткізілген. Барлығына  21000 жуық спортшылар мен жаттықтырушылар қатысқан. Сонымен қатар, қала тұрғындары мен әр түрлі сала қызметкерлері арасында 27 бұқаралық спорттық іс-шаралар ұйымдастырылған. Салтанатты жиында сөз алған қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жеттістіктерді сөз етті.
Шымкент қаласында жалпы 34 спорттық ұйым жұмыс жасайды-29мемлекеттік меншіктегі спорт мекемесі және 5 мемлекеттік жекешелік-әріптестігі. Мұнда спорттың 71 түрі: 37 олимпиадалық, 25 олимпиадалық емес және 9 ұлттық спорт түрлері дамытылады. Жиын барысында үздік спортшылар марапат биігінен көрінді.
2022 жылы жан басына шаққанда қаржыландыру жобасының мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыруға жергілікті бюджеттен 2 323,0 млн. теңге қаржы бағытталды.Қазіргі таңға дейін, мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша ата-аналардан 22 спорт түрі бойынша жалпы саны 33981 өтінім түсіп, 21108 баланың ата-аналарымен келісім-шарт жасалды. Осы жоба аясында 338 жаттықтырушы және 200 жуық басқада қызметкерлер жұмыспен қамтамасыз етілген.
Жалпы Шымкент қаласында дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын азаматтар саны 498 852 адамды немесе қала тұрғындарының жалпы санының 42,0 пайызын құрайды. Қазіргі уақытта қалада спорттық нысандар саны 1075-ке жетті.

Сұхбат

PhotoRoom