Бір тәулікте 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды

Жаңалықтар
03.02.2023, 09:21

Науқастардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр деп бағаланған

Бір тәулікте 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды
Фото: pixabay.com

Қазақстанда бір күнде 91 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

3 ақпандағы мәлімет бойынша, 1 556 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 121 пациент стационарда, 1 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Науқастардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, бір пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланған.

Бір науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Сұхбат

PhotoRoom