Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды

Жаңалықтар
03.02.2023, 09:23

Наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанда әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілер запасқа шығарылады

Тоқаев мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойды
Фото: ашық дереккөз

Тоқаев мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

Құжатқа сәйкес, 2023 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілер запасқа шығарылады.

Дәл сол кезде Қазақстанның Қарулы күштері, ішкі істер министрлігі, төтенше жағдайлар министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитеті мен мемлекеттік күзет қызметіне әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз (18) жастан жиырма жеті (27) жасқа дейінгі ер азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Сұхбат

PhotoRoom