Ұстаздар күні 5 қазанда тойлануы мүмкін

Жаңалықтар
03.02.2023, 09:46

Қаулы жобасы 16 ақпанға дейін талқыланады

Ұстаздар күні 5 қазанда тойлануы мүмкін
Фото: Halyq Uni

Қазақстанда мұғалімдер күні 5 қазанда тойлануы мүмкін.

Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталына Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады.

Құжатта қолданыстағы «мұғалімдер күні – қазанның бірінші жексенбісі» жолдарын «мұғалім күні – 5 қазан» деп өзгерту ұсынылған.

Қаулы жобасы 16 ақпанға дейін қоғам талқысында болады.

Сұхбат

PhotoRoom