ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ

Жаңалықтар
03.02.2023, 10:53

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері мен «Жастар рухының» белсенділері спорт алаңында кездесті.

ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚОЛДАЙДЫ

Екі команда «Буревестник» спорт кешенінде футбол және волейболдан жолдастық кездесу өткізді.

Жауапты саяси науқан алдында қызметкерлердің командалық рухын көтеріп, ұйымдастыру, жігерлендіру мақсатында өткен жолдастық кездесу жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Тартысты сайыс нәтижесі бойынша волейболдан 2:1 есебімен филиал қызметкерлері жеңсе, футболдан 6:4 есебімен «Жастар рухы» командасы басым түсті.

«Дені саудың – жаны сау» деген қағиданы ұстанған «аманаттықтар» қашан да салауатты өмір салтын насихаттап, бұқаралық спортты қолдайды.

Тегтер:
Аманат Жастар

Сұхбат

PhotoRoom