АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жаңалықтар
03.02.2023, 17:07

«AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалы жанынан құрылған топ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізуді жалғастыруда.

АЗЫҚ-ТҮЛІК ЖӘНЕ ДӘРІ-ДӘРМЕК БАҒАСЫНА МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛДІ

Азық-түлік тауарларының бағаларына сараптама жүргізу жөніндегі мониторингтік топ “Magnum” сауда орнында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына мониторинг жүргізді. Партияның Еңбекші аудандық филиалының жанындағы топ мүшелері сауда орындарындағы тұтынушыларымен пікірлесіп, алдағы уақытта аудан аумағындағы сауда орындарымен базарларындағы тауарлардың бағасына тұрақты мониторинг және талдау жұмыстары ұдайы жүргізіліп тұратынын жеткізді.
    Сондай-ақ, бүгін «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалында орналасқан бірқатар дәріханағаларға зерделеу жұмыстары ұйымдастырылды. Арнайы жасақталған жұмысшы топ дәріханаларды аралап, дәрі-дәрмек мөлшері мен олардың бағасына зерделеу жұмыстарын жүргізуді бастаған болатын. Зерделеу жұмыстарын жүргізетін топ дәрілік препараттардың шекті бағадан аспай саудалануын, дәріханналарда әрбір келушіге түбіртек берілуін және дәрі тапшылығын да ескеріледі

Сұхбат

PhotoRoom