ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Жаңалықтар
03.02.2023, 17:10
ПАРТИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ

 

«AMANAT» партиясының өкілдері жастармен кездесті. Шымкент қаласындағы аудандық филиалдардың ұйымдастыруымен «Айна» базары, «Нұр Сайрам» сауда орталығы секілді ірі сауда орталықтарында жұмыс істейтін жастармен кездесу өтті.

Басқосу барысында қызметкерлер еліміздің болашағы саналатын жастар саясаты тұжырымдамасын жетілдіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын жеткізді. Сонымен қатар, жас кәсіпкерлерге жылына 2,5 пайыз жеңілдікпен несие алу мүмкіндігі түсіндіріліп, жастардың ұсыныстары жинақталды.

Партиялық жобаның басты мақсаты – азаматтардың өзекті мәселелеріне құлақ асу және шешуге ықпал ету. Жиын барысында талқылаулар болып, тиісті ұсыныстар айтылды.

Тегтер:
Аманат

Сұхбат

PhotoRoom