Үкіметте тауарлық газ өндіруді ұлғайту жолдары талқыланды

Жаңалықтар
04.02.2023, 18:32

Жиында газ саласын дамытуды ынталандыру шаралары талқыланды

Үкіметте тауарлық газ өндіруді ұлғайту жолдары талқыланды
Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Үкіметте премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен жиында газ саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. 

«Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және «QazaqGaz» ұлттық компаниялары басшыларының қатысуымен жаңа кен орындарын барлау және игеру, қайта өңдеу және газ химиясы салаларындағы жобаларды жүзеге асыру жоспарларын талқылады. Сондай-ақ газ саласын дамытуды ынталандыру шаралары сөз болды», - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.

Ведомствоның хабарлауынша, жиынға қатысушылар қолданыстағы кен орындарының қазіргі өндірістік теңгерімін және перспективалы учаскелердің әлеуетті қуатын қарастырды. 

Жиын қорытындысы бойынша Смайылов қабылданған шешімдерді жүзеге асыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

Сұхбат

PhotoRoom