Өртенген орманды қалпына келтіру оңай емес

Рейтинг
08.07.2020, 11:54
Өртенген орманды қалпына келтіру оңай емес

Шымкент қаласы "Жасыл белдеу" КММ-не қарасты 976 га жер учаскесінде орналасқан ғимаратта Өрт химиялық станциясының (ӨХС) бөлмесі жабдықталуда. Орман өрттерін жоюды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын өрт сөндіру химиялық станциясының маңызы зор. ӨХС - өрт сөндіру техникаларымен, жабдықтарымен және байланыс құралдарымен жарақтандырылатын құрылымдық бөлімшелер болып табылады. Статистика мәліметтеріне сүйенсек елімізде жылына бес жүз орман өрті болады екен. Өртенген орманды қалпына келтіру оңай жұмыс емес, жер азып, қоршаған ортаға экологиялық зардабы тиетіні белгілі. Сондықтан аты жаман апатты алдын алу үшін, уақтылы жою үшін өрт химиялық станциясында өртке қарсы қызметінің қызметкерлері тәулік бойы күзету жұмыстарын жүргізетін болады.

 

Сұхбат

PhotoRoom