Ердоған 45 елдің көмек ұсынғанын айтты
Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 912 адамға жетті.
Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған мәлімдеді.
Жер сілкінісінен 912 отандасымыз қаза тапты, 5 385 отандасымыз жарақат алды. Үйінді астынан 2 470 адам құтқарылды. 2 818 ғимарат қирады, – деді Ердоған.
Ердоған 45 елдің көмек ұсынғанын айтты.
Айта кетейік, Түркияның оңтүстік-шығысындағы Газиантеп провинциясында 6,4-6,6 магнитудалы, кейін 7,4 магнитудалы жер сілкінісі болған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның оңтүстік-шығысында көптеген адам шығынына әкеп соқтырған жер сілкінісіне байланысты осы елдің басшысы Режеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.
Сондай-ақ жақын арада Түркия Үкіметінің өтініші бойынша зардап шеккен өңірлерге қазақстандық құтқарушылар мен дәрігерлер барады.