Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінісі болды

Жаңалықтар
07.02.2023, 09:35

Жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сағат 02:46 кезінде тіркелді

Алматыдан 375 шақырым жерде жер сілкінісі болды
Фото: Тимур Батыршин

Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі хабарлады.

Жер сілкінісі 7 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 02:46 кезінде тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 11.2. MPV магнитудасы 4.7. Тереңдігі 15 шақырым.

Сұхбат

PhotoRoom