Жыл басталғалы күріш бағасы 22,5%-ға қымбаттады

Жаңалықтар
07.02.2023, 10:44

2023 жылдың қаңтарының қорытындысы бойынша инфляция 1,1%-ды көрсетті 

Жыл басталғалы күріш бағасы 22,5%-ға қымбаттады
Фото: alataunews.kz

2023 жылы пияз бен күріш айтарлықтай қымбаттаған. Бұл туралы сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді.

Тауарлар бөлінісінде жыл басынан бері ең жоғары өсім пияз (22,5%), күріш (5,2%), қырыққабат (4,1%), сүт және сәбіз (3,1%), картоп (3,0%), рожки (2,6%) өнімінде тіркелді, - деді Жұманғарин үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, 2023 жылдың қаңтарының қорытындысы бойынша инфляция 1,1%, оның ішінде азық-түлік 1,4%, азық-түлік емес 0,9%, ақылы қызметтер 0,7%-ды құрады.

Азық-түлік инфляциясының ең жоғары деңгейі Астана және Шымкент қалаларында 2,2%-дан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында 1,8%-дан, Ақтөбе облысында – 1,7%, Ұлытау облысында –  1,5% құрады, - деді ол.

Сұхбат

PhotoRoom