Қазақстаннан Түркияға түрік тілін еркін меңгерген дәрігерлер жіберілді

Жаңалықтар
07.02.2023, 16:51

Олардың арасында терапевт, ортопед, нейрохирург мамандар бар 

Қазақстаннан Түркияға түрік тілін еркін меңгерген дәрігерлер жіберілді
Фото: Sputnik

Түркияның жер сілкінісі болған қалаларына түрік тілін еркін меңгерген қазақстандық тоғыз дәрігер барады. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке Түркияның оңтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінің салдарын еңсеруде шұғыл көмек көрсетуді тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес еліміз бойынша Түркияға медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер бригадасын құру тобының құрамына Түркістан облысынан 9 дәрігер жіберілді», - делінген ақпаратта.

Тізімге алынған Түркістан облыстық клиникалық аурухананың дәрігерлерінің қатарында терапевт, ортопед, нейрохирург, ангиохирург, проктолог, хирург, невролог мамандары бар.

Олардың барлығы түрік тілін еркін меңгерген.

Сұхбат

PhotoRoom