ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

Жаңалықтар
07.02.2023, 17:37

«AMANAT» партиясының белсенділері Шымкент қаласындағы еңбеккерлермен және студенттермен кездесуде. Осылайша тұрғындардың ұсыныстары мен талап-тілектерін жинау жалғасуда.

ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУДЕ

Абай аудандық филиалының ұйымдастыруымен партия белсенділері «МИРАС» колледжінің жоғарғы курс студенттерімен ұсыныс, талап-тілектерін жинау бойынша кездесті.

Жиын студенттердің толғандырған сауалдары мен ұысыныстары тыңдалды. Атап айтсақ, жастарға берілетін арендалық баспана, оқу орнын бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мәселесі және т.б. ұсыныстар аудандық партия филиалы тарапынан тіркеуге алынды.

Ал партияның Еңбекші аудандық филиалы Саяси кеңесінің мүшелері «Береке» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қызметкерлердің ұсыныс, талап-тілектері қабылданды. Осындай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Сұхбат

PhotoRoom