Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды

Жаңалықтар
08.02.2023, 11:43

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды

Мемлекет басшысы Қазақстандағы Түркия елшілігіне барды
фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Қазақстандағы елшілігіне барып, бауырлас елдің оңтүстік-шығысында болған алапат зілзала салдарынан мыңдаған адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты. Сондай-ақ Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді.

Президент көңіл айту кітабына жазба қалдырды.

«Түркияда болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көп адамның қаза болуы баршамыздың қабырғамызды қайыстырды. Қазақстан халқының және жеке өз атымнан түрік бауырларымызға көңіл айтамын», – деп жазды Мемлекет басшысы.

Соңғы мәлімет бойынша Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 5834-ке жетті, 34 810 адам жарақат алған. Ал бүгін түнде Анадолы елінде тағы 4 балдық жер сілкінісі болған.

Сұхбат

PhotoRoom