ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Жаңалықтар
08.02.2023, 16:09

«AMANAT» партиясы аудандық филиалдарының ұйымдастыруымен мектеп мұғалімдерімен жиын өтті. Алдымен партияның Абай аудандық филиалының белсенділері Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта білім беретін мектепте болды. Басқосуда азаматтардың ұсыныс, талап-тілектері тыңдалды.

ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ МЕН МҰҒАЛІМДЕРДІҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Кездесуде қала тұрғындары қоғамдық көлік мәселесін жолға қою, экологиялық жағдайды жақсарту, зейнет жасын төмендету, азық-түлік бағасын бақылау және кейбір дәрі-дәрмектерді тегін беру бойынша, жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуді және әлеуметтік саладағы қызметтердің сапасын арттыру және тағы да басқа түйінді мәселелер төңірегінде ұсыныстарын айтты.

Осындай кездесу Әл-Фараби ауданында да өтті. Аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының төрағасы Сәкен Мәжінбеков №19 мектеп ұжымымен кездесті.

Жүздесуде Сәкен Аралбайұлы педагогтармен еркін форматта диалог құрып, соңғы жылдары елімізде жүріп жатқан саяси реформадардың мақсатын кеңінен түсіндіріп өтті. Өз кезегінде ұстаздар қауымы спикерге көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, талап-тілектерін жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom